Ауғаныстанның құқық қорғаушы топтары елдің Жовзган провинциясында көптеген отбасы өз балаларын сатып жатқанын хабарлап отыр. Олардың дерегіне қарағанда, Ауғаныстандағы кедейлік тауқыметін тартқан ата-аналар кішкентай балаларын сатуға мәжбүр болған. Сонымен қатар қыздарын қалыңдық ретінде қалың малға сатып жатыр.