АҚШ президенті Джордж Буштың Латын Америкасына сапары басталды

Оның барысында осы аймақтағы еркін сауда айналымы және демократияны одан әрі дамыту көзделуде. 6000-дай бразилиялықтар Буштың бұл елге сапарына қарсылық шерулеріне шықты. Сао Паоло қаласының полициясы шерушілерді тарату үшін көз жасаурататын газ пайдаланған. Буштың бейсенбі күні Бразилиядан басталған сапары тағы төрт елге жалғаспақшы. Бразилия, Уругвай, Колумбия, Гватемала, Мексикоға сапарлары барысында Буш мырза Латын Америкасынан достар табуға тырыспақшы.