КАБУЛ: “Әл-Қаида” ұйымына қатысы болуы мүмкін террористік топ егер Германия мен Аустрия өз әскерлерін Ауғанстаннан шығармаса, оларға қарсы шабуыл ұйымдастыратынын мәлімдейді. Кеше интернетке шыққан бейнесюжетте “Халифат дауысы” атты топ осылай деп ескертті. Оның алдында берілген бейнесюжетте Ирақтағы бір қарулы топ егер Германия өзінің әскерін 10 күннің ішінде Ауғанстаннан шығармаса, тұтқында ұстап отырған неміс әйелі мен оның ұлын “өлтіреміз” деп ескерткен болатын. Ауғанстанда Германияның 3 мыңға жуық әскери қызметкері, ал Аустрияның 5 офицері бар.