Бүгін Қайырда Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев Мысыр президенті Хосни Мубаракпен кездеспекші
Кездесу барысында сауда, өнеркәсіп, денсаулық сақтау салалары бойынша бірнеше келісімшарттарға қол қойылатын болады. Мысырға Назарбаев Қатар астанасы Дохадан келген еді.