ТЕЛЬ-АВИВ: Таяуда ғана өзіне “нәпсіқұмарлық пиғылмен әйелге тиісті” деп айыпталған Израиль президенті Моше Кацавтың бауырына да дәл сондай айып тағылды. Лиор Кацав кінәсін мойындамай, өзінің отбасына жалған айып тағып, қаралауға тырысып жатыр деп мәлімдеді. Осыдан 2 апта бұрын бір әйел оның үстінен полицияға шағым берді. Оның аты-жөні мен шағымында не айтылғаны әзірше белгісіз. Одан бұрын Израиль президенті Моше Кацав өзіне қарсы “әйелді зорлады”, “нәпсіқұмарлықпен әйелге тиісті” және “қызмет құзырын асыра пайдаланды” деген айыптардың тағылуына байланысты, қызметінен уақытша кеткен болатын. Кацав та өзінің кінәсін мойындамайды.