Ауғанстанның Фарах өлкесінде тәліптер тағы бір қастандықты іске асырды

КАБУЛ: Кеше Ауғанстанның батысында жергілікті полицияның көлігі жол бойындағы минаға тап болып, өлкелік полиция бастығы мен кемінде 8 полиция қызметкері қаза тапты. Тағы бір полицей ауыр жараланды. Бұл оқиға кеше таңертең Ауғанстанның Фарах өлкесіндегі Бакуа мекені маңында болды. Өткен айда осы өлкеге тәліптер қаптап келген болатын. Жергілікті билік болған оқиғаны тергеуге кірісті.