Құқық қорғаушы топтар Түркіменстандағы бұрынғы бас муфтидің тағдырына алаңдаушылық танытуда

Бүгін адам құқықтарын қорғау жөніндегі “Амнести интернэшнл” ұйымы өздерінің абақтыда отырған Түркіменстандағы бұрынғы бас муфтидің тағдырына орай алаңдаушылық танытып отырғанын хабарлады. Этникалық өзбек Насрулла Ибн Ибадулла 2004 жылғы құпия сотта, елге сатқындық жасады деген айыппен 22 жылға түрмеге жабылған. Бұрынғы муфти Ибадулла қамауға алынғаннан бері оның отбасы оны көруге рұхсат ала алмаған.