Бүгін Грузия президенті Михайл Саакашвили ел үкіметі Ресей тікұшағы Тбилиси бақылауындағы даулы шатқалды атқылағаны туралы айтқан соң, Қауіпсіздік кеңесімен төтенше жиын өткізді. Грузия Ішкі Істер министрлігінің хабарлауынша, ресейлік үш тікұшақ жексенбі күні кешкісін Кодори шатқалын оқ жаудырған. Президент Саакашвили Қауіпсіздік Кеңесіндегі кездесуде бұл оқиға күрделі жағдай тудырып отыр дей келе, бірақ әзірге Ресейді тікелей айыптауға асықпады. Ресей әскерилері өздерінің ешқандай шабуыл жасамағанын айтуда.