АШХАБАД: Түркіменстанда жеке басқа табыну құбылысын жоюға деген тағы бір қадам жасалды. Таяуда ғана сайланған президент Гурбангулы Бердімұхамедовтің жарлығымен, Түркіменстан президентінің байрағындағы марқұм Сапамұрад Ниязовтың есімі өшірілді. Бұдан былай президент байрағында “Түркіменстан президенті” деген ғана жазу болады. С.Ниязов өткен жылдың желтоқсанында дүниеден өтті. Ол үзіліссіз 20 жыл бойы президент тағында отырды.