Ауған және Пәкістан ресмилері екі жақ шекарасы маңайында Пуштун тайпасының ассамблеясын шақыруға келісті

Басты мақсат - лаңкестік әрекеттердің алдын алу. Исламабадта үш күнге созылған сөйлесулер барысында, бүгін екі жақ та өзара бір-бірінің егемендігі мен территориялық тұтастығын сыйлау негізінде бірге жұмыс істеуге келіскен болатын. Делегаттар келесі айда қайта басқоспақшы.