Өзбекстан шығысындағы Наманган қаласының соты ресми тіркелмеген «Бірлік» қозғалысының бөлімше жетекшісі М.Қарабаевты қаржы саласындағы қылмысы үшін 6 жылға бас бостандығынан айырды. Адам құқықтарын қорғайтын «Езгүлік» тобы болса, президент И.Каримовтың режимі саяси қарсыластарды жазалау ретінде әдетте жоғарыда айтылған қылмыстық бабты жиі пайдаланады деп отыр.