Ирақ соты президент Саддам Хұсейннің бұрынғы орынбасары Таха Йассин Рамаданның өлім жазасына кесілгендігін растады

Рамадан қараша айында Хұсейн және тағы да 6 ресмимен бірге сотталып, алғаш өмірлік мерзімге бас бостандығынан айрылған болатын. Бірақ, Жоғарғы сот ол шешімге байланысты аппеляциялық шағым берген болатын. Міне, енді алдағы 30 күн ішінде Рамадан дарға асылмақ.