МӘСКЕУ: Ресей газетінің хабарлауынша, белгілі мультимиллиардер, Ресейдегі Чукотка аймағының әкімі әрі Лондондағы “Челси” футбол клубының иесі Роман Абрамович өзінің бұрынғы сүйікті жары Иринамен ажырасқаны үшін оған 300 млн. доллар ақша төлеуге келісті. Р.Абрамовичтің “2 танысына” сілтеме жасаған “Ведомости” газетінің жазуына қарағанда, бұл қаражат “достық келісімнің” бір бөлігі көрінеді. Ресейдің ең бай азаматы болып саналатын Р.Абрамовичтің шамамен 18.7 млрд. доллар байлығы бар. Оның өз жарымен ажырасатыны 14-інші наурызда мәлім болды.