ВАШИНГТОН: АҚШ Сенаты Ирақтан АҚШ әскерін шығарудың демократтар ұсынған кестесін қабылдамады. Бұл кестеге сәйкес, АҚШ әскері Ирақтан 2008-інші жылғы наурыз айының соңына қарай толық шығарылуға тиіс көрінеді. Дауысқа салынғанда бұл кестенің тағдырын артық берілген 2-ақ дауыс шешті. Оның алдында Ақ үй әскерді шығару АҚШ-тың жауларына “дем береді” деген уәж айтып, Ирақтан әскерді шығару туралы шешімге вето немесе тоқтау қоятынын мәлімдеген болатын.