ТБИЛИСИ: Грузин президенті Михаил Саакашвили елден бөлініп шыққан Абхазия және Оңтүстік Осетия республикаларындағы Ресейдің бітімгерлік іс-қимылын өткір сынға алып, Ресей күштері ол жақтан кетуге тиіс деп мәлімдеді. Грузин лидерінің Ресей күштеріне осылайша тиісуі – Грузия парламентінің Ресейдің бітімгерлік күштерін шығаруды талап еткен өткен жылғы шешімінен шығып отыр. Ресми Тбилиси Мәскеуді осы 2 республикадағы сепаратистік көңіл-күйді қолдап отыр деп айыптайды. Грузия осы жанжалдың шешілуіне Батыстың атсалысуын қалайды.