Италияның ақпарат агенттігі хабарлағандай, Ауғаныстанда итальяндық тілшімен бірге ұрланған екі ауғандықтың бірі өлтірілген. Ол туралы хабарған Талибан жауынгері Ибрахим Ханифидің айтуынша, Италия журналисті Дэниель Мастрожиакомоның көлік жүргізушісі жергілікті уақытпен сағат 7-де өлтірілген. Талибандар ол жүргізушіні шетелдік әскери күштер үшін тыңшы болды деп тапқан. Ибрахим Ханифи Ауған үкіметі бірнеше Талибан сотталғандарын босатқан кезде ғана италияндық журналист пен оның аудармашысын босататындықтарын айтты.