2002 жылы 17 наурызда полиция Жалалабад облысы Ақсы ауданында бейбіт демонстрацияға оқ атты, алты ереуілші қаза тапты. Ақсы оқиғасынан соң елдің сол кездегі бас министрі Құрманбек Бақиев қызметінен түсіп, үкімет оппозицияның кейбір талаптарын қабылдаған еді. Ақсы ауданында бүгін өткен шараларға ел президенті Бақиев және оппозиция басшылары қатысты. Оппозиция халыққа оқ атқызғандар жауапқа тартылсын деп талап қылады. Қырғызстан бас прокуратурасы Ақсы оқиғасы қайтадан тергеліп жатыр деп жақында жариялаған.