Ирақтағы соғысқа бүкіл дүниежүзі қарсы

ВАШИНГТОН: Ираққа қарсы соғыс қимылдарының басталғанына 4 жыл толуының қарсаңында бүкіл дүние жүзінде мыңдаған халық осы соғысқа қарсы наразылық шеруіне шықты. АҚШ-тың астанасы – Вашингтонда соғысқа қарсы жаппай шеру болып өтті. Онымен қарама-қатар қалада президент Дж.Буштың Ирақтағы саясатын қолдайтын манифестация ұйымдастырылды. Осындай наразылық шерулері Америка мен Еуропаның және Түркия мен Аустралияның өзге қалаларында да болды.