Италия үкіметі тәліптердің өз журналисін босатқанына сенбейді

РИМ: Италия үкіметі тәліптердің италияндық журналист Даниэле Мастроджакомоны босатты деп санауға ешқандай негіз жоқ деп мәлімдеді. Осыған дейін шыққан бір хабар бойынша, 5-інші наурыз күні тәліптер италияндық “Реппублика” газетінің тілшісі Мастроджакомоны Ауғанстаның Гильменд өлкесінен 2 ауғандық жолсерігімен бірге тұтқындап алып кеткен болатын. Соның ізінше тәліптер мәлімдегендей, Даниэле британ әскері үшін тыңшылық еткенін “мойындаған” көрінеді. БҰҰ-ының Ауғанстандағы өкілдігі тәліптерден италияндық журналист пен оның 2 ауған серігін босатуды талап етті.