Ауғанстандағы АҚШ елшілігінің қызметкерлері қарсы қастандық жасалды

КАБУЛ: Бүгін жанкешті-террорист отырған автокөлік Ауғанстан астанасындағы АҚШ елшілігінің күзетіне шабуыл жасап, одан жасөспірім ауған баласы мерт болып, елшіліктің 5 қызметкері жараланды. Елшілік өкілінің “Азат Ауғанстан” Радиосына хабарлағанындай, Кабул мен Жалалабадтың арасындағы тас жолда 3 автокөліктен тұратын автокеруенге осы қастандық жасалған кезде, АҚШ-тың елшісі болмаған. Көктем келісімен Ауғанстанда тәліптердің шабуылдары жиілей түсті. Өткен аптада ғана жанкешті-террористердің 9 шабуылы тіркелді.