Қытайдағы шахталардың иелері кеніште болған апаттарды жасырмақ болды

БЕЖИН: Құтқарушылар Қытайдың солтүстігіндегі Шаньси көмір шахтасында болған жарылыстан кейін жоғалған кемінде 21 кеншіні іздестіру үстінде. Қытайдың мемлекеттік ақпарат агенттіктері хабарлағандай, құқық сақшылары, шамамен, өткен жексенбі күні болған осы қайғылы оқиғаны жасармақ болған көмір шахтасының иесін қамауға алды. Құтқарушылар апат болған шахтаға сейсенбі күні күн батқанда ғана келіп жетті. Өткен жексенбіде тағы бір көмір кенішінде өрт болып, одан кемінде 6 кенші қаза болды. Оны жасырмақ болған шахта иесі де қамауға алдынды.