Кеше Италия бұл тұрғыда өз атына халықаралық деңгейде айтылып жатқан сындардан қорғануға тырысты. Италияның сыртқы істер министрі Массимо Д Алема кеше өзінің журналист Данеил Мастрожикамоның осы аптаның басында тұтқындағы талибандықпен айырбасталғанына өкінбейтіндігін айтқан. Нидерланды мен Британия, АҚШ елдері кепілдік тұтқынына түскен журналисті босату үшін бес талибандықты бостандыққа жіберуге тура келгеніне алаңдаушылық танытқан болатын.