Құрманбек Бәкиев Конституцияға болашақта рефрома жасау идеясын қолдаймын деп айтқан. Ол теледидар арқылы сөйлеген сөзінде конституцияға өзгерістер енгізіп, реформалар жасайтын арнайы жұмыс тобы құрылады деп атап көрсетті. Президент сондай-ақ барлық саяси күштерді өзара диалогқа шақырды.