АҚШ Беларусқа оппозицияны басып-жаншығаны үшін ескерту жасады

АҚШ Беларус билігін оппозициялық тұлғаларды қудалауды тоқтатуға шақырды. Мемлекеттік департамент өкілі Шон Маккормак 25-наурызға жоспарланған шерулер алдында оппозиция белсенділерінің қорқытып-үркітіліп жатқанына Вашингтон қатты алаңдаушылық білдіреді деген. Маккормак сондай-ақ түрмеде отырған саяси тұтқындарды босатуға шақырды. Беларус оппозициясы елге аз уақытқа болса да тәуелсіздік әкелген 1918 жылдың оқиғасын атап өту үшін жексенбі күні шерулер өткізуді жоспарлаған еді.