Ауғанстанның шығысында орын алған қақтығыста НАТО жетекшілігіндегі коалиция күштері мен Ауған әскерлері 12 соғысушыны өлтіргендерін хабарлады. Ол шайқас Пәкістан шекарасына жақын жердегі Пактика өлкесінде болған. Ал сенбі күні Фарах провинциясында “Талибан” бүлікшілері деп күдіктелгендер бір бөгенге шабуыл жасаған соң қақтығыс басталған, сөйтіп 3 соғысушы өлтірілген. Сонымен қатар Ауғанстанның Хелман өлкесінде 11 талибандық өлтірілді деп хабарланды.