Ресей президенті Таяу шығыс проблемасын біржақты шешу ұмтылысын сынға алды

Ресей президенті В.Путин Таяу шығыс мәселесін біржақты шешуге ұмтылыс пен күш қолдану ниеті қайшылықты нәтижелер береді деп сынады. Сауд Арабиясындағы араб елдері саммитіне жолдаған хатында Путин Ирақтағы жағдайға өзінің қатты алаңдайтындығын білдіріп, азаматтық соғысты болдырмас үшін мұндағы шетелдік жасақтарды шығарудың мерзімін белгілеуге шақырған.