Сауд Арабиясындағы Араб саммиті сыртында БҰҰ-ның жетекшісі Британия мен Иран арасындағы теке-тіреске арағайындық етуге тырысты. Британия жұма күні ұсталған 15 теңізшісіне дипломаттардың жолығуына Иранның мұрсат беруін сұраған еді. Ал Иран сыртқы істер министрі Британия өз теңізшілерінің Иран суларында ұсталғанын мойындауы тиіс дейді.