Ең көп адам шығыны Бағдад базарында болды. Шииттер тұратын ауданда жанкештілер бомбаларын жарды, 76 адам қаза тапты, ондаған адам жарақат алды. Мұның алдында Халис қаласында жанкештілер жарған бомбалардан кемінде 53 адам қаза тапты, 100 шақты адам жараланды. АҚШ Сенаты ел әскерін Ирақтан келесі жылы наурыз айының соңына дейін қайтару керек деген заң жобасын қабылдады, Ирақ пен Ауғанстандағы соғыстарға қаржы осы шартпен беріледі делінеді. Президент Джордж Буш заң жобасына қол қоймаймын дейді.