БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесі Британия теңізшілерінің ұсталуына "қатты алаңдаймыз" деді

БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңесі Иран тарапынан Британия теңізшілерінің ұсталуын талқылады, бұл жайында "қатты алаңдаймыз" деді. Британия БҰҰ-ның мәлімдемесінде бұдан да қатаң сөз айтылсын деп әрекет жасады, дегенмен Ресей бұған жол бермеді. Британия елшісі Эмир Джонс Перри бұл жерде ұтылып отырған жоқпыз, осы адамдарымыз Қауіпсіздік Кеңесінің ұйғарымы бойынша қызмет ететін халықаралық жасақта жүрді, мұны Қауіпсіздік Кеңесінде барлығы біледі деді. Иран тарабы Қауіпсіздік Кеңесінің мәлімдемесі жағдайды шешуге әсер ете алмайды деді. Иран теңізшілер арасындағы жалғыз әйел Фей Терниді сәрсенбі күні босатамыз деген сөзінде тұрмады. Дегенмен, Иран президенті Махмұд Ақмеденижат бейсенбі күні кешкісін айтқан сөзінде Фей Терниді босатуды Түркия сұрап отыр, Түркия өтінішін қарастырамыз деп айтты.