Еуропа Одағы Британия теңізшілері Иран тұтқынынан босатылсын деп талап қылды

Германияда кездесіп жатқан Еуропа Одағының сыртқы істер министрлері Иран Британия теңізшілерін тез арада босатсын, әйтпесе тиісті шара қолданамыз деп талап қылды. Тұтқындағы теңізшілердің бірі Натан Томас кеше Иран теледидарында көрсетілді, Иран теңізіне рұқсатсыз кірдік, кешірім сұраймыз деді. Британия бас министрі Тонни Блейер тұтқынға алынған адамдарды Иран неше түрлі қылып көрсетіп жатыр, олар ешкімді бұлай алдай алмайды, теңізшілер босатылмаса Иран оқшауланып қалады деп ескертті. Британияның 15 теңізшісі 23 наурыздан бері тұтқында. Иран олар Иран су айлағына кіріп кеткен дейді. Британия мұны жоққа шығарады, олар халықаралық жасақ қатарында Ирақ су айлағында жүрген дейді.