Британияда жан сауғалап жүрген Ресей миллиардері Борис Березовский кеше Лондон қаласында Ресей тергеушілерімен кездесті. Березовскийден жауап Лондон полициясының кеңсесінде алынды, сұрақты Ресей тергеушілері емес, солардың атынан Британия тергеушілері қойып отырды. Березовский Лондонда өлтірілген Ресейдің бұрынғы тыңшысы Александр Литвиненконың ісіне орай жауап берді. Төрт сағат жалғасқан кездесуде Березовский банк есеп-шоттары жайында жауап берді.