АҚШ әскери соты Гуантанамо түрмесінде отырған Австралия азаматы Дэвид Хиксті тоғыз ай түрмеге кесті

31-жасар Дэвид Хикс Ауғанстанда "Әл Қаида" жағында соғысты деп табылды, кінәсін мойындады. Оған түрме жазасын Австралияда өтеуге рұқсат берілді. Екінші Дүниежүзілік соғыстан бері Дэвид Хикстен басқа ешкім Америка Құрама Штаттарында соғыс қылмыскері деп танылмаған екен.