Ауғанстандағы италияндық дәрігерлер бір жұмысшының ұрланғандығына байланысты өз қызметін тоқтатуы мүмкін

Италияндық бейүкіметтік ұйымның айтуынша, Лашқаргахтағы бас дәрігер Ханафиді наурыздың 20-сында ұрлап әкетіпті.

- Рахматұлла Ханафи қазір Қабұлдағы тергеу абақтысында отыр. Онымен кездесуге рұхсат бермейді. Тіпті, түрмедегі біздің клиникадағы дәрігерлер де Ханафидің жағдайын біле алмай отыр, - дейді Төтенше жағдай ұйымының басшысы доктор Страдо.