Ресей азаматтығы жоқ, не болмаса Ресейде жұмыс істеуге рұқсаты жоқ адамдар бүгіннен бастап Ресейде базарда тұра алмайды, бөлшек саудаға жолатылмайды. Бүгін күшіне кірген жаңа заң Ресей базарларына Ресей азаматтарын тартуды мақсат тұтады, заңсыз иммиграцияны тоқтатуды көздейді деп ресми сипатталды. Дегенмен, сыншылар бұл заң базар саудасының қысқаруына әкеліп соғады, азық-түлік саудасы қысқарады, баға керісінше өседі деп болжамдайды.