МАДРИД: Қазақстан президенті Н.Назарбаевтың пікірінше, табиғи газ өндіруші елдердің ұйымы таяуда құрыла қоймайды, ондай картельдің құрылуына маңдайалды сарапшылар да алаңдап отыр. Н.Назарбаевтың осы пікірі бүгін Испанияның “Эль Паис” газетінде басылып шықты. Табиғи газ өндіретін жетекші елдердің өкілдері алдағы аптада Катарда бас қосуға тиіс. Газ өндірушілердің ОПЕК сынды картелін құруды Иранның рухани лидері Әли Хаменеи ұсынған болатын. Газды сырттан импорттап алатын Еуропа елдері ондай ұйымның құрылуына алаңдайды.