Украина президенті елде жаңа сайлау өткізуді талап етуде

Украина президенті Виктор Ющенко өзінің бақталасы премьер-министр Виктор Януковичке парламентті таратып, келесі айда жаңа сайлаулар өткізу жөніндегі өзінің шешімінен қайтпайтынын айтты. Бұл туралы Ющенко Мәскеушіл Януковичпен келіссөз өткізгенінде кеше мәлімдеді. Ал оның алдында Янукович Ющенконың шешімі өте үлкен қате деп айтқан болатын. Сөйтіп Украинадағы саяси дағдарысқа орай Киевте мыңдаған адам шеруге шықты.