ДАМАСК: АҚШ Конгресінің Өкілдер палатасының Демократиялық партиядан сайланған төрайымы Нэнси Пелоси бүгін Дамаск қаласында Сирия президенті Башар Әл-Асадпен кездесті. Нэнси ханымның айтуынша, Сириямен арадағы диалогты жалғастыру үшін бұл сапар маңызды қадам болды. АҚШ президенті Дж.Буш Н.Пелосидің бұл сапарына қарсы болып, ресми Дамаск сапардың мақсатын “бұрыс” түсінуі мүмкін деп мәлімдеді. Ресми Вашингтон Сирияны “халықаралық терроризмді қолдайды” және “Ливан мен Ирақтың ішкі істеріне араласты” деп айыптап келеді.