Пәкістанның пуштундары “Әл-Қаиданың” өзбек содырласына өздері соққы беруде

ИСЛАМАБАД: Бүгін Пәкістанның пуштун тайпасы мекендейтін Оңтүстік Уәзірстан өлкесінде “Әл-Қаида” тобының шет елдерден жалдаған содырларымен жаңа қақтығыс болды. Жергілікті биліктің хабарлауынша, соңғы қақтығыста кемінде 40 адам, негізінен өзбектер қаза тапты. Пуштун тайпасының көсемдері Ауғанстан шекарасы аумағындағы “Әл-Қаида” тобының шетелдік жасақтарына тойтарыс беру үшін соңғы 3 жылдан кейін алғаш рет соғыс дабылын қағып, 1800 адамнан тұратын қолын жинады.