Қырғызстан оппозициясы президент Бәкиев орныннан кетсін деген қысымды күшейтпекші

"Біріккен майдан" және "Қырғызстанның лайықты болашағы үшін" оппозициялық қозғалыстары егер Конституциялық реформалар жасалып, мерзімінен бұрын президенттік сайлау шақырылмаса, Құрманбек Бәкиевті биліктен кетуге шақырған науқанды бастаймыз деп мәлімдеді. Мұндай хабарландыруды бүгін "Біріккен майдан" жетекшісі және бұрынғы премьер-министр Феликс Кулов жасады. Ал бұл аралықта оппозиция белсенділері Бішкекте парламент үйінің қарсысында аштық акциясы алдында киіз үйлерін тігіп, дайындалып жатыр.