Президент Виктор Ющенко парламент таратылсын, сайлау мерзімінен бұрын өткізілсін дейді. Президент Ющенко кеше сөйлеген сөзінде 2 сәуір күні шыққан жарлыққа бағынбаған ресми өкілдердің мәселесі қаралатын болады деп ескертті. Ющенко саяси дағдарысты шешудің бір жола ғана бар, ол парламент сайлауын мерзімінен бұрын өткізу, сайлау өтетін болады деді. Президент Ющенконің қарсыласы, бас министр Виктор Янукович бұған көнбей отыр. Янукович араағайындық жасауға Австрия канцлері Альфред Гюзенбауерді шақырды, Австрия бейтарап, демократиялық ел деп сипаттады.