18 наурыз күні Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданы Казатком ауылында болған оқиға кезінде оқ тиген 42 жасар Жұмабай Сырласбаев бір аяғынан айрылды. Жұмабайдың айтуынша, сол күні бейбіт шеру ұйымдастырып, істің нақтылығын білуге барған азаматтарға күтпеген жерден оқ атылған. Жұмабай өзіне әйел адамның оқ атқанын айтып отыр.
Ащысай ауылының тұрғыны 42 жасар Жұмабай Сырласбаев - 18 наурыз күні Еңбекшіқазақ ауданы Казатком ауылында болған оқиғаға қатысушылардың бірі. Жұмабайдың айтуынша, сол күні Маловодное ауылына мал сатып алуға барған ол, жиналып жатқан адамдарды көріп, істің мән-жайын білуге қызығушылық танытыпты.
-Біз Махмахановтардың үйіне сөйлесуге бардық. Жиналған адамдарға үйге кіретін қоршаудың алдында оқ атыла бастады. Мен шетке шығып кетіппін. Сол кезде ту сыртымнан оқ атылды. Маған бір әйел мен еркек көрінді. Біреуінің қолында тапанша, екіншісінің қолындағы қаруын байқай алмадым. Бірінші атқанда оқ менің оң аяғыма тиді, құладым. Тұрып келе жатқанымда екінші оқ сол аяғымның бұлшық етіне тиді. Үшінші рет оқ атылғанда жан-жағым шаң болып кетті де, ештеңе байқай алмадым, - дейді Жұмабай.
Екі аяғына бірдей оқ тиген Жұмабай Сырласбаевты дәрігерлер 28 наурыз күні Алматы облыстық ауруханадан шығарған. Жұмабайдың айтуынша, 10 күні бойы аурухана полицияның арнайы жасақ тобының жіті қадағалауында болған. Сондай-ақ сұхбаттасымыз,тергеу жұмыстарының Еңбекшіқазақ ауданының орталығы Есікті қаласында жүргізілгенін айтты. Тергеу нәтижесі Жұмабайды кінәлі деп тауыпты:
- Мен 28 наурыз күні кешкі сағат алтыда тергеуге бардым. Содан түнгі он жарымға дейін тергеушіні күттім. Бір сағат мені тергегеннен кейін, маған кінәлі деген айып тақты. Мені кінәлі деп санайтын болса, онда соттасын, қамасын. Үш баламды қалай бағып, жеткіземін деп жүргенде аяғымнан айырылдым.
Бір аяғынан айрылған Жұмабай Сырласбаев «Азаттық» тілшісіне берген сұхбатында өзіне әйел адамның оқ атқанын айтып отыр:
- Маған 15-20 метрден камзол киген, шашы ұзын әйел адам оқ атты. Өз көзіммен көрдім, оның қолында тапанша болды. Сол әйел алғаш екі рет оқ жаудырды. Әйел мен еркекті ажырата аламыз ғой.
Дәрігерлер Жұмабайдан екі жамбасынан оқ алыпты. Бірақ, оның қандай оқ екендігін дәрігерлер айтпады. Тек қана медициналық көшірмеде оқ жарақатынан қан тамырларына зақым келген деп жазылған.
Жұмабай Сырласбаев өзіне оқ атқан әйел адамды қазір тергеу тобының іздестіріп жатқандығын айтты:
- Тергеушілер екі рет келіп, қандай адам оқ атты деп, суреттеп беруімді сұрады. Екінші күні бір әйелдің суретін әкеліп көрсетті. Бірақ, бет-әлпеті ұқсағанымен шашы ұқсамайды.
Казатком ауылындағы оқиғаға қатысты ресми органдар таратқан мәліметтерде, оқ атқандардың арасында әйел затының бар екендігі туралы айтылмайды. Онда тек қару қолданған Махмахановтардың үшеуі қайтыс болып, біреуі қашып жүргендігі көрсетілген. Осы төтенше оқиғадан 5 адам қаза тапты.