Ресей парламенті Украина президентінің парламентті тарату жөніндегі жарлығын айыптады

Бүгін Ресей парламенті Украина президенті Виктор Ющенконың парламентті тарату жөніндегі жарлығын айыптады. Ресей Мемлекеттік Думасы сәуірдің 2-і күнгі Ющенконың жарлығы конституцияға қайшы келеді дейді. Украинаның Мәскеушіл премьер-министрі Виктор Янукович пен оның парламенттегі қолдаушылары Ющенконың жарлығына бағынбаймыз деп отыр.