Өзбекстанда журналист У.Ниязоваға байланысты тергеу ісі аяқталды

Өзбекстанда қамауға алынған тәуелсіз журналист Умида Ниязоваға байланысты тергеу ісі бүгін аяқталды. Желтоқсан айында Қырғызстаннан Өзбекстанға қарай бара жатқан жолында тұтқындалған Ниязоваға бірқатар қылмыстық әрекеттер жасады деген айыптар тағылған. Ниязова ұсталған кезде оның компьютері мен басқа да заттары тәркіленген тұғын. Бұл істі қадағалап отырған кісілер “Азаттық” радиосы өзбек қызметіне берген сұхбатында Ниязоваға “үкіметке қарсы контрабандалық материалдармен айналысты, шекарадан заңсыз өтті және шетелден ақша алды” деген айыптардың тағылатындығын растады.