Соңғы он күнде теңіз жағалауында 300-ден аса итбалық өлігі табылды. Қазақстан қоршаған ортаны қорғау министрлігі итбалықтар әдеттен тым жылы ауа райының салдарынан өлген шығар, себебі теңіз солтүстігінде мұз қатпады дейді. Каспий теңізінде итбалықтардың саны соңғы 25 жылда 400 мыңнан 100 мыңға түсті. Бұған түрлі сырқат, су ластануы, қарақшылық, балықты мөлшерінен көп аулау себеп деп айтылады.