Сербия соты алғаш рет соғыс қылмыскерлерінің істерін қарап шешім шығарды

БЕЛГРАД: Сербия соты 4 адамды 1995-інші жылы Боснияның Сребреница қаласында істеген қылмыстары үшін түрлі мерзімге түрмеге кесті. Сол жылы Босния сербтерінің жасақтары жергілікті 8 мыңдай мұсылманды жаппай қырған болатын. Бұрынғы “Скорпион” құрамасының мүшелері - ағайынды Слободан және Бронислав Медичтердің әрқайсысы 20 жылға бас бостандықарынан айрылды. Қалған екеуі 13 және 15 жылға кесілді. Тағы бірі ақталып шықты. Бұл сот үдерісі Сребреница қаласының бейбіт тұрғындарына қарсы істелген соғыс қылмыстары қаралған Сербиядағы алғашқы сот болды.