Атом агенттігінің өкілі Мелица Фелминг немістің Deutschlandfunk радиосына берген сұхбатында мұндай қауіптің алдын алу үшін дипломаттардың күш-жігер жұмсауына 4 жылдан 6 жылға дейін уақыты қалды деп атап көрсеткен. Флеминг Иранның халықаралық инспекторлар үшін өзінің уран байыту бағдарламасын толық ашық көрсетпей отырғандығы мүлде түсініксіз дейді.