Қазақстан Республикасында «Оппозициялық іс-әрекет туралы» жаңа заң жобасын Қазақстанның Жалпыұлттық социал-демократиялық партиясы ұсынып отыр. Осы заң жобасын әзірлеген жұмыс тобының жетекшісі, заңгер Игорь Корзунның айтуынша, бұл заң жобасының мақсаты бүгінгі күні Қазақстан қоғамында оппозициялық іс-әрекетті дұрыс түсінбеушіліктен туындаған оларды «бүлдіруші, қиратушы элементтер» ретінде қабылдауға қарсы, оның шын мәнінде қоғамда қандай керектігі, қажеттігі барлығын құқықтық тұрғыдан шынайы көрсету болмақ.
«Егер Қазақстан заңды, азаматтардың осы қоғамдағы жағдайға қатысты түрлі көзқарас, пікірін силайтын ел болса, онда бұндай заң жобасының қажеті шамалы болмақ еді. Алайда, жағдай басқаша болғандықтан, елдегі оппозициялық партиялар мен ұйымдардың іс-әрекеттерін құқықтық тұрғыдан заңдастыру, олардың қызметіне құқықтық тұрғыдан кепілдеме беру қажеттігі өмір талабынан туындап отыр», - дейді И.Корзун.
Ал Жалпыұлттық социал-демократиялық партияның төрағасы Жармахан Тұяқбайдың айтуынша, егерде үкімет елдегі оппозициялық іс-әрекеттерге қатысты өзінің балама заң жобасын дайындап, парламент талқылауына ұсынбаса, онда партия өзі осы дайын еткен заң жобасын парламент талқылауына кешікпей ұсынуды мақсат етіп отыр.
«Жобада ел азаматтарының оппозициялық іс-әрекетпен айналысуға құқылы екендігі, сондай-ақ оппозициялық саяси партиялардың міндеттері мен құқықтары олардың депутаттық топтарға бірлесуі жөнінде анық жазылған», - дейді Ж.Тұяқбай.
Ал мәжіліс депутаты Амалбек Тшан, Қазақстанда оппозиция деген сөзді естісе билік кәдімгідей шошына қалады дейді.
«Бұл дұрыс емес, мысалы, АҚШ-та билік үшін екі саяси партия таласады, қай партия билікке келсе, екіншісі оған оппозиция болып, биліктің барлық іс-әрекетін қатаң бақылап отырады, бұл елде сыбайлас жемқорлық, тағы басқадай заңсыз іс-әрекеттердің болмауына үлкен әсері болады. Көп елдерде оппозиция туралы арнайы заң жоқ, өйткені, бұл мәселе олардың ата заңдарында ап-анық, бадырайып тұрып, солай болады не болуға тиісті деп жазылған, сондықтан ешкім де онда оппозицияны кемсітпейді., оппозиция ол елдерде болуға тиісті қоғамдық бір құбылыс ретінде қабылданып, түсіндіріледі», - дейді парламент мүшесі.
Қазақстан коммунистерінің жетекшісі Серікболсын Әбділдин оппозиция туралы бұл заң жобасының биліктің ашса алақанында, жұмса жұдырығында отырған парламенті арқылы өтіп кетеді дегенге өзінің онша сенбейтіндігін айтады.
«Бұл заң жобасы, дегенмен, халықты ояту үшін, оларға оппозиция туралы дұрыс түсінік беру үшін керек», - дейді Коммунистік партия жетекшісі.
Қазақстанның Ұлттық зерттеулер институтының директоры Бөріхан Нұрмұхамедов бұл заң жобасында әлі кемшін тұстар бар деп санайды. Оны дұрыстап, жөндеп барып, қалайда парламентке ұсыну қажет дейді ол. Ал саясаттанушы Берік Әбдіғалиев бұл заң жобасы парламенттен өтпесе де халыққа қажет ұран ретінде қалады деп есептейді.