КАБУЛ: Кеше Ауғанстанның шығысында НАТО әскерінің 2 жауынгері оққа ұшты. Әскер басшылығының хабарлауынша, тағы бір жауынгер жараланды. Ол жауынгерлердің қандай елге жататыны хабарланбады. Соңғы 1 аптаға да жетпейтін уақыттың ішінде Ауғанстанда НАТО-ның басқаруына қарайтын күштердің 11 шетелдік жауынгері қаза тапты.