Израиль премьер-министрі мен Палестина Автономиясының президенті Иерусалимде кездесті

Израиль премьер-министрі Ехуд Олмерт пен Палестина Автономиясының президенті Махмұд Аббас Иерусалимде келіссөз өткізді. Бұл кездесу Израиль мен Палестина арасындағы бейбіт процесін жандандыруға бағытталған. Екі жақ АҚШ-тың шақыруларынан кейін кездесуге келіскен болатын. Палестина мәмілегері Саеб Ерекат жексенбі күнгі келіссөзді “жақсы бастама” деп бағаласа, ал Израиль үкіметінің баспасөз-хатшысы Мири Ейсин ол кездесу “өте позитивті” болды деп мәлімдеді. Енді Олмерт пен Аббас бірнеше аптадан кейін Батыс Жағалауда кездеседі деп күтілуде.