Қазақстандық журналистің хабарсыз жоғалғанына бүгін 20 күн болады

Республикалық «Закон и правосудие» газетінің сыбайласқан жемқорлық тақырыбын зерттеуші журналисті Оралғайша Омаршанованы соңғы рет наурыздың 30-күні Алматы қаласында көргендер бар. Содан бері оның қайда екені белгісіз. Журналистің туған-туыстары мен әріптестері сәуірдің 18-күні Алматыда баспасөз мәслихатын өткізіп, Оралғайшаның жоғалып кетуі оның кәсіби жұмысымен байланысты ма деген болжамдарын ортаға салды.